қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
10.11.2021

Боралдай сақ қорғандары археологиялық кешеніне танымдық экскурсия басталды


2021 жылдың 20 қарашасында сағ. 10.00-13.00 аралығында «Рухани жаңғыру» орталығының ұйымдастыруымен Абай атындағы ҚазҰПУ институттарының студенттеріне «Өркениеттер әлемі» тақырыбында Боралдай сақ қорғандары археологиялық кешеніне танымдық экскурсиясы басталады.

 

Ашық аспан астындағы археологиялық паркке саяхат Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру - болашаққа бағдар» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қазақстанның Киелі географиясы жобасымен ұйымдастырылып отыр.

 

Танымдық экспедицияның мақсаты - өскелең ұрпақтың қасиетті орындарға рухани танымдары мен ағартушылық ізденістерін күшейтіп, мамандану қабілеттеріне бейімдеу, аймақтың тамыры терең тарихын насихаттауға арналады.

 

Боралдай сақ қорғандары - Алматы қаласы бойынша жалпыұлттық қасиетті нысандар тізіміне енген 6 ескерткіштің бірі саналады. Ол қаланың Алатау ауданында, Үлкен Алматы мен Боралдай өзендерінің арасында орналасқан. Сондай-ақ, 47 сақ және үйсін қорғандарынан тұратын археологиялық кешен Алматы аумағында ерте темір ғасырынан сақталған жалғыз ескерткіш.

 

Ендеше, институт студенттерінің ұлан-ғайыр даланы мекен еткен бабаларымыздың тұрмыс-тіршілігінен сыр шертетін бірегей нысанның тарихымен танысуға мүмкіндік бар.

 

Университет студенттері археологиялық нысанға арнайы автобуспен тасымалданады. Орын саны шектеулі! Жүру және кіру ақысы тегін!

 

Іс-шара барлық карантиндік талаптарды ескере отырып жүзеге асады.

 

Қосымша ақпаратты +7 747 052 99 04 ватсап нөмірінен алуға болады!

 

 

 

«Рухани жаңғыру» орталығы

 



279

Кері оралу