қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
26.05.2025

Абай университетінің проректоры мен студенттері республикалық форумда марапатталды


2025 жылғы 23 мамырда Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің бастамасымен Семей қаласындағы Shakarim University-де «Абайдың «Толық адам» ілімі: ұлттық құндылықтар мен заманауи көзқарас» тақырыбында Республикалық жастар форумы өтті. 

 

Форум аясында ерекше белсенділігімен көзге түскен қатысушыларға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің Алғыс хаты табысталды.

 

Марапат иелерінің қатарында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Мақсат Жақауов, Жаратылыстану және география факультетінің белсенді студенті Мырза Аширов, сондай-ақ Филология факультетінің белсенді студенті, ерікті мобилограф Бағила Есжан бар.

 

Бұл марапат - университет өкілдерінің білім мен тәрбие саласындағы елеулі еңбегінің және азаматтық белсенділігінің жоғары бағалануының көрінісі.

 

  alt=  


  alt=