![]()
26.05.2025 Абай университетінің студенттері тоғызқұмалақтан ҚР чемпионатында жүлделі орыннан көрінді
2025 жылғы мамырдың 16 мен 21 аралығында Қызылорда қаласында тоғызқұмалақтан ерлер және әйелдер арасындағы Х Қазақстан Республикасының командалық чемпионаты өтті.
Чемпионатта тоғызқұмалақтың блиц түрі бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 4 курс студенті Забира Сарсенбаева, 3 курс студенті Ақерке Тұрсынәлі, магистрант Аружан Куатова 2 орын иеленді.
Забира Сарсенбаева спорт шебері нормативін орындады.
Жаратылыстану және география факультетінің 3 курс студенті Ерасыл Пернебаев ойынның классика түрі бойынша 1 орын, блиц түрі бойынша 2 орын иеленді.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
|