қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
15.11.2021

«Ұлттық тарих тамыршысы» тарихи-танымдық дәріс

2021 жылғы 16 қарашада Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіндегі Ұлы дала тұлғалары орталығының ұйымдастыруымен Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, ҚР ҰҒА академигі Манаш Қабашұлы Қозыбаевтың 90 жылдығына арналған «Ұлттық тарих тамыршысы» тарихи-танымдық дәрісі өтеді.


Дәріс қонақтары - ҚР ҰҒА академигі Ханкелді Әбжанов, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ілияс Қозыбаев, тарих ғылымдарының кандидаты Зирабүбі Төленова қатысады.


Іс-шара барысында кітап көрмесі мен архив құжаттарының көрмесі ұйымдастырылады.


Кездесуге жас ғалымдар, докторанттар, магистранттар, студенттер қауымын Zoom платформасында қатысуға шақырамыз.

 

Өткізілетін орны: Достық, 13. 202 - зал.

 

Уақыты: 11:00


Конференция идентификаторы: 932 0121 0551


Қосылу коды: 639369

 



145

Кері оралу