қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
23.06.2025

ҚазҰПУ студенттері «Абай еліне саяхат» жобасымен Семейге барды


2025 жылғы маусымның 22 мен 23 аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай Абай облысына танымдық сапармен барды.


Абай университетінің 50-ден астам белсенді білім алушысы Семейге «Абай еліне саяхат» жобасы арқылы сапар шегіп отыр. Студенттер М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінен барған білім алушылармен бірге екі күн бойы, арнайы экспедициялық топ құрамында Семей өңіріндегі тарихи жерлер мен музейлерді аралады.


Мәселен, 22 маусымда студенттер Шәкәрім университетінен бастап, Шәкәрім музейіне, Семейдегі Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік-тарихи мәдени және әдеби мемориалдық музей қорығына, Абай, «Ұстаз бен шәкірт» ескерткіштеріне, Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейіне саяхат жасап, «Shakarim Quiz» интеллектуалды ойынына қатысты. Ал, 23 маусым күні Жидебай экскурсиясы басталды: студенттер Күшікбай кесенесіне, М.О.Әуезовтың Бөрілідегі музей-үйіне, Абайдың туған жері - Сырт Қасқабұлаққа, «Еңлік-Кебек» кесенесіне, Абай музей үйі мен Абай-Шәкәрім кесенелеріне сапар шекпек.


Шара аясында танымдық экскурсиялардан бөлек білім алушылар үшін бірлескен кино көрсетілімдер, пікір алмасу кештері, қызықты ойындар мен тимбилдинг сессиялары ұйымдастырылады.

 

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=