қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
23.06.2025

Абай университеті мен Qazbilim ынтымақтастық орнатты


2025 жылғы 23 маусымда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен Qazbilim жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

 

Меморандумның негізгі мақсаты - білім беру саласындағы өзара тиімді серіктестікті дамыту, оқыту мен тәрбиелеудің сапасын арттыру, цифрлық білім ресурстарын енгізу және мұғалімдердің кәсіби біліктілігін жетілдіру болып табылады.

 

Құжатқа Абай университеті атынан академиялық қызмет жөніндегі проректор Бану Нарбекова, ал Qazbilim ЖШС атынан серіктестік директоры Аятжан Ахметжан қол қойды.

 

Кездесу барысында тараптар білім беру жобаларын бірлесіп жүзеге асыру, заманауи педагогикалық технологияларды енгізу және университет студенттерінің кәсіби тәжірибесін ұйымдастыру мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, ортақ бастамаларды жүзеге асыруда ғылыми-зерттеу, сараптамалық және ақпараттық-әдістемелік қолдау көрсетуге уағдаласты.

 

Абай университеті мен Qazbilim ЖШС арасындағы бұл әріптестік алдағы уақытта білім беру сапасын арттыруға және заманауи мұғалім тұлғасын қалыптастыруға бағытталған ауқымды жобалардың негізі болмақ.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=