қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
29.11.2021

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және академик Б.Ә.Төлепбаевтың 100 жылдығына арналған дөңгелек үстел

 

2021 жылдың 03 желтоқсанындв сағат 11.00-де Абай атындағы ҚазҰПУ-дың№10 оқу ғимаратының (Жамбыл көшесі, 25) конференц залында Қазақстан Республикасының 30 жылдығына және көрнекті ғалым, советолог, академик Б.А.Төлепбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай дөңгелек үстел өткізіледі. Дөңгелек үстел тақырыбы: «Қазіргі замандағы кеңестану: негізгі бағыттары мен мәселелері».

 

Дөңгелек үстел форматы: офлайн

 

Баяндамашылар:

1) Төленова Зирабүбі Маймаққызы - тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, ҚР Орталық Мемлекеттік архивінің жоғары санатты архивисі. Баяндама тақырыбы: «Академик Б.А. Төлепбаевтың ғұмыры мен ғылыми шығармашылық мұрасы».

2) Мехмет Дервиш Кылынычкая - Хажеттепе университетінің профессоры (Анкара), Ататүрік атындағы Тарих институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы. Баяндама тақырыбы: «КСРО заманындағы «совет адамын» қалыптастырудағы саяси идеологиялық жұмыстарының өзегі».

 

Модератор: Тарих және құқық институты директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары Муратказин М.

 

Ұйымдастырушылар: Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Тарих және құқық институты


Байланыс телефондары:
8 (727) 91-78-24, 87075474751

 



80

Кері оралу