қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
06.12.2021

«Шекарасыз орыс тілі: шетелде орыс мәдениетін ілгерілетудің білім беру үлгілері» халықаралық форумы

 

2021 жылдың 10 және 11 желтоқсанында Қазақстанның бірқатар жоғары оқу орындарында «Шекарасыз орыс тілі: шетелде орыс мәдениетін ілгерілетудің білім беру үлгілері» атты халықаралық педагогикалық форум өтеді.

 

Форумның ұйымдастырушысы - Н.И.Лобачевский атындағы Ұлттық зерттеу Нижний Новгород мемлекеттік университеті. Форумды өткізу идеясын Ресей Федерациясының Білім министрлігі қолдады. Жоба Қазақстанның жоғары оқу орындары: Тұран университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қаржы академиясының қолдауымен жүзеге асырылуда.


Форум аясында «Орыс тілін шет тілі ретінде оқытудың теориясы мен тәжірибесінің өзекті мәселелері: ашық білім берудегі қазіргі және даму болашағының мәселелері» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция, «Ресей - Қазақстан: гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту» пікірталас алаңы, педагогика мәселелері, орыс тілін шет тілі ретінде оқыту әдістемесі, студенттерді электронды оқытудың шынайылығына бейімдеу және олардың сыныптан тыс жұмыстарын ұйымдастыру бойынша шеберлік сабақтары мен дөңгелек үстелдер өтеді.

 

Іс-шараның форматы аралас (офлайн-дистанциялық).

 

Педагогикалық форумға оқытушылар, университет оқытушылары, ғалымдар, әдіскерлер, мәдениет өкілдері қатысады.

 

Форумға қатысу үшін https://ru-miru.com/ сайтында тіркелу қажет.


Форумды ұйымдастыру комитетінің байланыс деректері:

E-mail: forum_rki@unn.ru Тел. +7 831 462 38 37 Жохова Наталья Сергеевна, ұйымдастыру комитетінің хатшысы.

 

 

 



90

Кері оралу