қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
06.12.2021

«Орыс тіліндегі диалогтар»
түрлі елдерден 500-ден астам қатысушыларды біріктіреді

 

2021 жылдың 7 желтоқсанында екі елде бір уақытта өтетін бірінші халықаралық әлеуметтік-мәдени жобалар жәрмеңкесі осылай аталады.


Жәрмеңкенің өтетін орны академик Бободжон Гафуров атындағы Худжанд мемлекеттік университеті (Тәжікстан, Худжанд). Жәрмеңкеге қашықтан қосылатын Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Қазақстан, Алматы).


Жәрмеңкеге қатысушылар мен көрермендер Ресейде және шетелде орыс тіліне, орыс біліміне және орыс мәдениетіне қызығушылықты сақтауға бағытталған Ресей, Тәжікстан, Қазақстан және Сербияның әлеуметтік-мәдени жобаларының тұсаукесерлерін көріп, талқылай алады. Жобалардың авторлары - мектепке дейінгі, жалпы, қосымша, кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері мен білім беру ұйымдары, орта және жоғары оқу орындарының студенттері мен аспиранттары, ТМД және Еуропа елдерінің мәдениет саласындағы мекемелерінің қызметкерлері.


«Орыс тіліндегі диалогтар» - шетел жұртшылығының орыс тіліне, орыс білімі мен мәдениетіне деген қызығушылығын оятуға, сондай-ақ халықаралық ғылыми, білім беру және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейтуге жәрдемдесуге арналған алаң.


Жәрмеңке Ресей Федерациясының Білім министрлігінің қолдауымен өтеді. Жәрмеңке ұйымдастырушылары: «Познание» Білім берудегі ақпараттық технологиялар орталығы» (Ресей, Киров қ.) қосымша білім беретін жеке білім беру мекемесі, Вятка мемлекеттік университеті (Ресей, Киров қ.), Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Қазақстан, Алматы), академик Бободжон Гафуров атындағы Худжанд мемлекеттік университеті (Тәжікстан, Худжанд).


Шара Ресей, ТМД елдері және Батыс Еуропа азаматтары арасындағы достық байланыстарды дамытуға бағытталған. Шараға 500-ден астам қатысушы қатысады деп жоспарлануда.


Ұйымдастыру комитетінің мүшесі Елена Динер: «Бұл жобаның ерекшелігі, оған кез-келген адам қатыса алады. Сол себепті, жәрмеңкеңкеге өз жобаларын әр-түрлі мамандық иелері ұсынды, ол бізге өте құнды. Өйткені біз үшін ең бастысы - орыс тіліне деген сүйіспеншілік, оны насихаттауға деген ұмтылыс, орыс тілінде іс-шаралар өткізуге деген шынайы ниет».


Тіркеу сілтемесі: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfjz9nqCVSPZ-mGIROT1GRMDgNLIXl-E6QqwOTlW2e1mweccQ/viewform

 



80

Кері оралу