қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
07.12.2021

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде зерттеуші-профессор бос лауазымдарына конкурс өткізу туралы


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (бұдан әрі - Абай ат. ҚазҰПУ) профессор-зерттеуші бос лауазымдарына оқытушылық және ғылыми қызметті жүргізу үшін толық штат бірлігіне конкурс өткізу туралы хабарлайды.


Конкурсқа қатысу үшін өтінім мыналарды қамтиды: конкурсқа қатысуға өтінім, резюме, ғылыми-зерттеу жобасына өтінім, үміткерлерге жоғарыда көрсетілген талаптарды растайтын құжаттама портфолио (дәйексөз базасынан алынған скрин-шоттар, шетелдік басылымдардағы жарияланымдардың көшірмелері және т.б.), ғылыми дәреже, PhD дәрежесін алуды, ғылыми атақ беруді растайтын құжаттар, ғылыми еңбектер мен өнертабыстар тізімі, үміткердің біліктілігін растайтын қосымша құжаттар, ұсыным хаттар, алдыңғы жұмыс орындарынан мінездемелер.


Конкурстық өтінімдер 2021 жылдың 24 желтоқсанына дейін Абай ат. ҚазҰПУ Ғылым департаментіне беріледі, Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі, 30, каб. № 209,203-а. Жауапты тұлға: Ғылым департаментінің директоры Ұ.М. Әбдіғапбарова.

 

Ереже



181

Кері оралу