қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
07.12.2021

Ж.Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Ұлы Даланық Ұлы Алыбы» халықаралық форумы өтеді

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-да  қазақтың танымал суырып салма ақыны Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған«Ұлы Даланың Ұлы Алыбы» халықаралық форумы өтеді.

 

Халықаралық форум ұйымдастырушылары: Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология институты «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының профессор оқытушы құрамы, мұғалімдерді даярлау жөніндегі ЮНЕСКО кафедрасының және Turksoy халықаралық Түркі мәдениеті ұйымы.

 

Өтетін орны мен уақыты: Қазақстан, Алматы, Достық даңғылы, 13, Абай атындағы ҚазҰПУ, Бас оқу ғимараты, 320 кабинет

 

Өтетін уақыты: 2021 жылдың 9-10 желтоқсан күндері сағат 14.00-де.

 

Форумға қатысу нысаны: оffline, онлайн - форматта (ZOOM платформа)


Форумның барлық сессияларындағы жұмыс тілдері:
қазақ, түрік, орыс, ағылшын.