қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
14.12.2021

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде
постдокторлық бағдарламаға қабылдау бойынша конкурс өткізу туралы


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (бұдан әрі - Абай ат. ҚазҰПУ) постдокторлық бағдарламаға қабылдау бойынша конкурс өткізу туралы хабарлайды.


Конкурсқа қатысу үшін өтінім мыналарды қамтиды: конкурсқа қатысу туралы өтініш, түйіндеме, постдокторанттың жеке ғылыми-зерттеу бағдарламасының жобасы, үміткерлерге қойылатын жоғарыда көрсетілген талаптарды растайтын құжаттамасы бар портфолио (дәйексөз базасынан алынған скрин-шот, шетелдік басылымдардағы жарияланымдардың көшірмелері және т.б.), ғылыми дәреже, PhD дәрежесін алуды, ғылыми атақ беруді растайтын құжаттар, ғылыми еңбектер мен өнертабыстар тізімі, үміткердің біліктілігін растайтын қосымша құжаттар, ұсыным хаттар, алдыңғы жұмыс орындарынан мінездемелер.


Конкурстық өтінімдер 2021 жылдың 30 желтоқсанына дейін Абай ат. ҚазҰПУ Ғылым департаментіне беріледі, Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі, 30, каб. № 209,203-а. Жауапты тұлға: Ғылым департаментінің директоры м.а. Ұ.М. Әбдіғапбарова.

 

Ереже