қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
06.04.2015

2015 жылғы 8-10 сәуір аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде осы оқу орнының Тарих және шетелдік студенттермен жұмыс факультетінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің арасында «5В011400-Тарих» мамандығы бойынша VII Республикалық пәндік олимпиада өткізілмек. Бұл білім жарысына еліміздің 27 жоғары оқу орнынан командалар қатысады.
Олимпиаданың ашылу салтанаты 8- сәуірде сағат 09.00-де университеттің Бас ғимаратындағы үлкен мәжіліс залында басталады.