қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
07.04.2015

2015 жылдың 10 сәуірінде Шығыс тілдері кафедрасы №10 оқу ғимаратының конференц-залында «Қазіргі әлемдегі шығыс тілдері: өзекті мәселелері мен даму тенденциялары» тақырыбында Халықаралық ғылыми-прақтикалық конференция өткізеді. Бұл конференция ҚР БҒМ 2013-2015 жылдарға арналған «Қазақстанның шығыс елдерімен тарихи-мәдени байланыстары», (ғылыми жетекшісі-шығыс тілдері кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.д., профессор МАН ВШ академигі К.И.Мирзоев) тақырыбындағы ғылыми жобаны орындау шеңберінде өткізіледі.
Конференцияның мақсаты: шығыс тілдерін үйренуге және кәсіби шұғылдануға қызығушылық танытқан барлық құрылымдар үшін, кадрлар дайындаудағы орталықтар мен университеттердің рөлін талқылау,
Конференцияға шығыс тілдері мен мәдениетін оқытуда тәжірибесі мол, кәсіби деңгейі жоғары Қытайдың, Иранның, Түркияның, Араб елдерінің, Ресейдің, Қырғызстанның, Қазақстанның басты ЖОО-ның ғалымдары қатысады.