қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
27.12.2021

Абай университетінде профессор-зерттеуші бос лауазымдарына конкурстың ұзартылатындығы туралы


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті 2021 жылдың 7 желтоқсанында жарияланған профессор-зерттеуші бос лауазымдарына оқытушылық және ғылыми қызметті жүргізу үшін толық штат бірлігіне конкурстың 2022 жылдың 6 қаңтарына дейін ұзартылатындығын хабарлайды.


Конкурсқа қатысу үшін өтінім мыналарды қамтиды: конкурсқа қатысуға өтінім, резюме, ғылыми-зерттеу жобасына өтінім, үміткерлерге жоғарыда көрсетілген талаптарды растайтын құжаттама портфолио (дәйексөз базасынан алынған скрин-шоттар, шетелдік басылымдардағы жарияланымдардың көшірмелері және т.б.), ғылыми дәреже, PhD дәрежесін алуды, ғылыми атақ беруді растайтын құжаттар, ғылыми еңбектер мен өнертабыстар тізімі, үміткердің біліктілігін растайтын қосымша құжаттар, ұсыным хаттар, алдыңғы жұмыс орындарынан мінездемелер.

 

Конкурстық өтінімдер Абай атындағы ҚазҰПУ Ғылым департаментіне 2022 жылдың 6 қаңтарына дейін қабылданады, Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі, 30, каб. № 209,203-а. Жауапты тұлға: Ғылым департаментінің директоры Ұ.М. Әбдіғапбарова.

 

Ереже