қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
31.12.2021

Қоғамдық тыңдаулар өткізіледі

 

«Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің (57-бап) талаптарына сәйкес Алматы қаласы, Медеу ауданы, Брянская көшесінің оңтүстігі, Шухов көшесінің батысында жоспарланған «Жас ғалымдарға арналған жатақхана құрылысы» жұмыс жобасына «Қоршаған ортаға әсерді бағалау» жобасы бойынша 2022 ж. 25 қаңтарда сағат 10.00-де Оренбурская 17 мекен жайында, № 64 орта мектебінде өтетін ашық жиналыс түріндегі қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы халықты хабардар етеді.

 

Жобаны әзірлеуші: «Орталық қала құрылысы жобасы» ЖШС.

 

Жергілікті атқарушы орган: «Алматы қаласының жасыл экономика басқармасы» КММ.

 

Тапсырыс беруші: «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» КЕАҚ.

 

Жобалық құжаттамамен http://www.gov.kz сайтында, https://abaiuniversity.edu.kz сайтында танысуға болады.

 

Қоғамдық тыңдауларды өткізуге қатысты барлық сұрақтар бойынша келесі телефон нөміріне хабарласуға болады: +7 777 312 12 32 Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Басқарма Төрағасының Кеңесшісі.

 

Жоғарыда аталған жоба бойынша ескертулер мен ұсыныстарды orazgaly.alimzhan@gmail.com электронды поштасына жіберуге болады.