қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
19.01.2022

Бос лауазымға үміткерлерді іріктеуге өтінім

 

Бос жұмыс орны жабық

 

Бос лауазымның атауы:

Бухгалтер (Есептік көрсеткіштер)

Құрылымдық бөлімшенің негізгі функционалдық міндеттері:

- Бухгалтерлік есеп пен есептілікті, міндеттемелер мен шаруашылық операцияларды жүргізу;

- Стандарттар негізінде бастапқы есепке алу құжаттамасының нысандарын әзірлеу; Университет қызметінің шаруашылық процестері мен қаржылық нәтижелері туралы толық және сенімді ақпаратты қалыптастыру;

- Мүліктің бар болуын және қозғалысын бақылау, бекітілген нормаларға, нормативтерге және сметаларға сәйкес материалдық, еңбек, қаржы ресурстарын пайдалану;

- Қызметкерлерге жалақы есептеу, МЗЖ және табыс салығын тиісті аударумен ұстап қалу;

- Республикалық және жергілікті бюджеттерге салықтарды есептеу және аудару және салық декларациясын жасау.

Негізгі лауазымдық міндеттері:

- Жалақыны, еңбекке жарамсыздық парақтарын, демалыс күндерін, жұмыстан босатылған кездегі есеп айырысуларды есептеу;

- Қызметкерлердің есептелген кірістері бойынша қозғалыспен байланысты операцияларды бухгалтерлік есеп шоттарындағы есепке алу жүйесінде көрсету;

- Жалақы бойынша статистикалық есептілікті, салықтар бойынша есептілікті дайындау және тиісті органдарға ұсыну.

Іссапарларға шығу:

Жоқ

Білімі:

Жоғары экономикалық білім

Талап етілетін кәсіби тәжірибе (ұзақтығы, саласы, басқалары)

Мамандығы бойынша кемінде 1 жыл.

Кәсіби құзыреттер:

Орындаушылық, мақсаттылық және қабылданған шешімдер үшін жауапкершілік ала білу.

Жеке  құзыреттер мен қасиеттер:

Шешімдерді әзірлеу, ақпаратпен жұмыс істей білу, мақсаттарға қол жеткізу; Өзін-өзі реттеу және ұстау.

Тілдерді білуі, мемлекеттік тілді қоса алғанда (меңгеруі тиіс тілдердің тізімі)

Қазақ, орыс

 

Компьютерлік дағдылар:

"1С: Кәсіпорын 8.2.8.3" бағдарламаларын білу; СОНО есепке алу жүйелерін, салық төлеушінің кабинетін білу;

Microsoft Office: Word, Excel, Outlook;

Түйіндемені тапсыру мерзімі:

09.02.2022 жыл

Байланысушы тұлға:

hrteam@abaiuniversity.edu.kz.

Қалтаева Фариза

ж.т. (8727) 2-91-90-12 ұ.т. +77018336223

 

 

 

 



175

Кері оралу