қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
25.01.2022

«Қазақ тілі оқулықтарындағы мәтінмен жұмыс: ұстанымдары мен әдістемесі» семинары өтеді

 

2022 жылдың 27 қаңтар күні сағат 11.00-де ZOOM платформасында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Латын» ғылыми-практикалық орталығының «Тілтұмар» бірлестігі және «Көкжиек» баспасы ҚР жалпы білім беретін өзгетілді мектептерінде «Қазақ тілі» пәнін оқыту мәселесі бойынша «Қазақ тілі оқулықтарындағы мәтінмен жұмыс: ұстанымдары мен әдістемесі» атты республикалық ғылыми-практикалық семинарды онлайн форматта өткізеді.

 

Ғылыми-практикалық семинардың мақсаты - өзгетілді мектептерде қазақ тілін оқыту барысында мәтінмен жұмыс істеудің тиімді дағдыларын, әдіс-тәсілдерін талқылай отырып, мәтін арқылы тіл үйретудің мазмұны мен әдістемесі жөнінде пікір алмасу және тәжірибе бөлісу.

 

Ғылыми-практикалық семинарда ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, профессор Оразбаева Ф.Ш. кіріспе сөз сөйлеп, «Қазақ тілі оқулықтарында мәтінмен жұмыс жүргізудің басты ұстанымдары» тақырыбында дәріс оқиды. Шара барысын Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің аға оқытушысы Юсуп Ф.Қ. «Қазақ тілі оқулықтарында берілген мәтіндерге қатысты түйткілді мәселелер», Алматы қаласы, №52 мектеп мұғалімі Баржықбаева С.Р. «Бастауыш мектепте мәтінмен жұмыс арқылы оқушылардың тілін дамыту», Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы В.Терешкова атындағы орта мектептің мұғалімдері Зукар К., Ашжанова Д.Н. «Мәтінмен жұмыс жүргізудің жолдары» (10-11 сыныптар бойынша) тақөырыптарында баяндамаларымен жалғастырады.

 

Семинарға жоғары оқу орындарының оқытушылары, Білім жетілдіру институттарының өкілдері, мектеп мұғалімдері, магистранттар мен докторанттар қатысады.

 

Конференция сілтемесі:

https://zoom.us/j/93796902549?pwd=VzVZRWg5Nk5QVThjVVpudUlXektEQT09

 

Конференция идентификаторы: 937 9690 2549

 

Конференцияға кіру коды: 044356