қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
08.02.2022

БОС ЛАУАЗЫМҒА ҮМІТКЕРДІ ІРІКТЕУ ТУРАЛЫ ӨТІНІМ

 

Бос жұмыс орны жабық

 

Бос лауазымның атауы:

Филология және көптілді білім беру институты директорының орынбасары

Құрылымдық бөлімшенің негізгі функционалдық міндеттері:

-   ҚР Еңбек Кодексіне, ұжымдық шартына және жұмыс кестесіне сәйкес жұмыс жасайды;

- өз қызметі бойынша есеп береді.

- институт директорынан нормативтік-құқықтық және ұйымдастырушылық-әдістемелік іс-шаралар жөнінде ақпарат алады, сәйкес құжаттармен қол қою арқылы танысады;

- оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудағы  сұрақтар бойынша институт директорының өкімін  таратады;

- институт директорының  басқа  орынбасарларымен,  ЖОО педагогикалық қызметкерлерімен өз құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша ақпаратпен жүйелі түрде  алмасып отырады;

- институт  директоры уақытша болмаған кезеңде (демалыс, сырқат және т.б.) оның міндеттерін атқарады. Міндеттерді орындау ҚР заңнамасына, білім беру мекемесінің Жарғысы мен ішкі еңбек тәртібі ережелеріне сәйкес директордың бұйрығы немесе  өкілетті орган басшысының  (білім басқармасы) бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.

Негізгі лауазымдық міндеттері:

- педагог қызметкерлердің оқу жүктемесінің құжаттарын даярлайды және ұйымдастырады.

- оқытушылардың өткізген сабақтарына және басқа да іс-шараларға  қатысады, ол сабақтардың мазмұны мен формасын  талдайды, педагогтарды  сараптама қорытындысынан хабардар етеді;

- есеп тапсыратын құжаттардың уақытында сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.

- педагогтердің  мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, оқу бағдарламалары мен  институттың және таңдау курстары жоспарларының орындалуын, құжаттамаларды әзірлеу жұмыстарын үйлестіреді.

- студенттердің аттестациядан сапалы және уақытында өтуін бақылайды.

- құжаттарды жүйелі бақылауға алады және ол үшін жауап береді.

- оқу жылының жартыжылдық және жылдық  қорытындысы бойынша мониторинг жүргізеді.

Іссапарларға шығу:

мүмкін                        

Білімі:

жоғары білімі, кем дегенде магистр дәрежесі болуы тиіс.

Талап етілетін кәсіби тәжірибе (ұзақтығы, саласы, басқалары)

- жұмыс өтілі 3-5 жылдан кем емес. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарының лауазымдық өкілеттіктерін орындау үшін қажетті білімі мен дағдылары болуы тиіс;

- қызмет бағыты, ұйымдастыру жұмысы, міндеттерді шешуге жүйелі көзқарас, кеңес беру, әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс істеу, ақпараттық материалдарды жүйелеу және дайындау бойынша нормативтік және өзге де құжаттарды әзірлеу.

Кәсіби құзыреттері:

Маман есептерді, анықтамаларды, іскерлік хаттарды, бұйрық жобаларын жасай білуі, хаттамаларды жүргізе білуі тиіс.

Жеке құзыреттері мен қасиеттері:

Жаңашылдық, ақпаратпен жұмыс істей білу, мақсатқа жету, ұстамды және шыдамды болу, бастамашылдық және батылдық, сыпайылық және сенімділік таныта білу; командада жұмыс істей білу, өзін-өзі дамытуға, сындарлылыққа бағдарлау.

Тілдерді білуі, мемлекеттік тілді қоса алғанда (меңгеруі тиіс тілдердің тізімі)

Қазақ, орыс тілдері

Компьютерлік дағдылар:

MS Office (Access, Excel, PowerPoint, Word, WordPad) бағдарламасын жақсы меңгеру, электрондық поштамен (Outlook Express) жұмыс істеу. Әртүрлі браузерлермен (Opera, Firefox, Chrome) жұмыс жасай білу.

Түйіндемені тапсыру мерзімі:

20.02.2022 дейін

Байланысушы тұлға:

hrteam@abaiuniversity.edu.kz