қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
14.02.2022

Профессор Т. К. Оспанов атындағы бастауыш сынып оқушыларына арналған өлкетану математикалық есептер конкурсы

 

Конкурс 2022 жылдың 15 ақпанында жарияланады. Конкурсқа ұсынылатын жұмыстар 2022 жылдың 25 наурызына дейін қабылданады.

Конкурс қашықтан өткізіледі:

Конкурс комиссиясының жұмыстарды іріктеуі 2022 жылдың 25 -30 наурыз аралығында жалғасады; нәтижесі 2022 жылдың 2 сәуірінде хабарланады. Үздік жұмыстар Абай атындағы ҚазҰПУ сайтына орналастырылады. Дипломдар электронды түрде қатысушының электронды поштасына жіберіледі.

 

Конкурс жас ерекшеліктеріне байланысты жүргізіледі: 1 сынып оқушылары; 2 сынып оқушылары; 3 сынып оқушылары; 4 сынып оқушылары; Қатысу тілі: қазақ, орыс, ағылшын.

 

Конкурс номинациялары:

1. «Туған өлкенің сәулет өнері (архитектурасы)»;
2. «Менің қаламның (ауданымның, ауылымның) мәдени өмірі»;
3. «Менің қаламның (ауданымның, ауылымның) спорттық жетістіктері»;
4. «Менің өлкемнің тарихы»;
5. «Ұлы Отан соғысы кезіндегі менің халқымның ерлігі»;
6. «Менің өлкемнің географиясы»;
7. «Менің кіші Отанымның атақты тұлғалары».

 

Ақпараттық хат

 

Жұмыстар сілтеме бойынша тіркеу нысанына тіркеледі:

 

 



195

Кері оралу