қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
15.02.2022

Алматы музейлеріне студенттер саяхаты жалғасуда


«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасында жалпыұлттық қасиетті мекендер ұғымының маңыздылығы атап өтілген.


Осы бағытта, қазақтың жоғарғы білімінің қара шаңырағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті аталмыш мемлекеттік бағдарлама негізінде жастардың танымдық-ағартушылық бағытында көптеген жобаларды жүзеге асыруда.


Университет білім алушыларының мәдени әлеуетін күшейтуде, әсем қаламыз Алматының тарихын, мәдени және рухани құндылықтарымен таныстыру мақсатында, ұлтымыздың Ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы, мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 110 жылдығы қарсаңында университеттің «Рухани жаңғыру» Жобалық кеңсесі университет студенттеріне «Алматы музейлеріне саяхат» дәстүрлі апталығын ұйымдастырып отыр.


Іс-шараның мақсаты - шалғай аймақтардан, ауылдан, қаладан келген студенттерді Алматының бай тарихы, құнды мәдениеті мен асыл руханияты жинақталған материалдық құндылықтарымен таныстыру болмақ.


Қойнына сан ғасырлық тарихын жасырған әсем шаһардың тереңіне үңілу үшін, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың жеті институтының бакалавр білім алушылары «Алматы музейлеріне саяхат» рухани-танымдық күндерінде 21-28 ақпан аралығында сағ.11.00-17.00-де карантиндік талаптарды қатаң ескере отырып, арнайы кіру кестесімен - А.Байтұрсынов мемориалдық үйіне, Д.Қонаевтың мемориалдық үйіне және Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінің экспозицияларымен танысуына, сондай-ақ, әлеуметтік-мәдени ынтымақтастығымызды арттыра беру үшін мұражайға 50 пайыздық жеңілдікпен кіру ақысымен тамашалауға мүмкіндік алады.


Университеттің Басқарма басшылығымен жасалған Мәдени ынтымақтастық туралы келісімшарт аясында, қала мұражайларының есіктерін айқара ашып беруге қолдау білдірген Алматы қаласы Әкімдігінің Мәдениет басқармасы басшылығына алғысымызды білдіреміз!

 


«Рухани жаңғыру» Жобалық кеңсесі