қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
16.02.2022

Абайдың асыл мұрасы дәстүрлі конкурсы басталады

 

2022 жылдың 15 ақпаны мен 15 наурызы аралығында мемлекеттік «Рухани жаңғыру - болашаққа бағдар» бағдарламасы аясында ұлы ақын, ойшылдықтың заңғар биігі Абай Құнанбайұлының мұрасын, әсіресе оның тәрбиелік мәні зор шығармаларын кеңінен насихаттау мақсатында 1-4 курс студенттері мен магистранттарға арналған дәстүрлі «Абайдың асыл мұрасы» Абай өлеңдерін жатқа оқу дәстүрлі конкурсы басталады.

 

Конкурс Ережесіне сәйкес, Абай өлеңдерін көркемдік мәнерде оқыған шығармашылық өнімдерінің бейне жұмыстарын 15 наурызға дейін маманданған қазылар алқасының тексеруіне электронды түрде 8701 497 9615 WhatsApp номеріне жолдайды.

 

17 наурызда конкурс нәтижесі анықталып, салтанатты түрде онлайн және офлайн форматта марапаттау рәсімі өтеді.

 

Конкурс жүлдегерлері университет ректорының арнайы дипломы, бағалы сертификаттармен, ал белсенді қатысушыларға алғыс хаттар табысталады. Үздік жұмыстар арнайы бейнероликке топтастырылып, әлеуметтік желілер мен университет сайтында жарияланатын болады.

 

Ереже