қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
28.02.2022

Білім беру несиелері - табысты болашақтың кепілі!

 

Білім гранттары ҰБТ/ТКТ нәтижелері бойынша конкурс негізінде берілетіні белгілі. Барлық түлектер оларды ала алмайтыны анық. Бұл студенттердің көпшілігі ақылы негізде оқитынын білдіреді.

 

Шешім:

Қазақстанның колледждері мен жоғары оқу орындарында білім алудың қолжетімділігін кеңейту мақсатында 2005 жылдан бастап талапкерлер мен студенттер негізгі қарыз сомасын төлеу мерзімін 10 жылға дейін ұзарта отырып, кепілсіз студенттік кредиттер ала алады. Кредиттер бойынша кепілдік қамтамасыз ету ретінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жанындағы Қаржы орталығының кепілдігі әрекет етеді.

Кепілдік міндеттеме - бұл ұйымның Келісімде көзделген тәртіппен және шарттарда айқындалған кепілдік мөлшері шегінде кредит шарты бойынша қарыз алушының міндеттемелерін орындауы үшін банк алдында жауап беру міндеттемесі.

 

Артықшылықтары:

- жеңілдікті кезең (кейінге қалдыру): негізгі борыш сомасын өтеу оқу мерзімі аяқталғаннан кейін және оны бітіргеннен кейін 6 айдан соң жүргізіледі;

- несиелеудің жоғары мерзімі: 10 жылға дейін, айыппұл санкциясынсыз мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігімен;

- Қазақстан бойынша кредиттің қолжетімділігі

- кредит сомасы бойынша шектеулердің болмауы (оқу құнынан артық емес);

- оқу орнын таңдау бойынша шектеулердің болмауы;

 

Қатысушы Банк:

Бүгінгі таңда білім беру кредиттеріне кепілдік беру жүйесіне «Нұрбанк»АҚ қатысады.

Қазіргі уақытта 1,9 млрд.теңге сомасына 7275 кепілдік берілді.

 

Рәсімдеу қадамдары:

1) талапкер/студент кеңес алу үшін банкке немесе Қаржы орталығына жүгінеді, қажетті құжаттарды жинайды және оларды өз аймағында немесе оқу орны бойынша банкке тапсырады;

2) Банк пен қаржы орталығы тарапынан оң шешім қабылданғаннан кейін банкпен қарыз шарты жасалады және кредит сомасы оқу орнының шотына аударылады;

 

Студенттік несиені алу үшін негізгі жұмыс орнынан алған табысы және соңғы 6 айда зейнетақы аударымдары бар бір/екі қосалқы қарыз алушының болуы талап етіледі.

 

Сондай-ақ, ыңғайлы форматта Сіз білім беру кредиті бойынша ақпаратты бір беттік сайттан қарай аласыз credit.fincenter.kz


Қатысушы банктер:

Қазіргі уақытта Нұрбанк пен Сбербанк «Қаржы орталығы» АҚ кепілдігімен білім беру кредиттерін (қолданыстағы кредиттер бойынша) ұсынады.

 

СЕРІКТЕС БАНКТЕР

НУРБАНК

% жылына

20 % бастап

Қарыз сомасы, теңгемен

150 000 бастап 5 000 000 дейін

Несиелеу мерзімі

10 жылға дейін

Қамтамасыз ету

Кепіл талап етілмейді

Қарыз алушының кірісі болмаған жағдайда қосалқы қарыз алушының болуы талап етіледі

Оқыту түрі

Бакалавриат

Өтеу кезіндегі жеңілдікті кезең

Оқу кезінде және оқу орнын бітіргеннен кейін 6 ай ішінде негізгі қарызды өтеместен тек пайыздарды төлеуге болады

Жалпы талаптар

ҚР азаматтығы, ҚР аумағында тұрғылықты жері бойынша тұрақты немесе уақытша тіркелуі (тіркелуі), ҚР оқу орындарына түсуі немесе оқуы 

Үлгерім бойынша талаптар

- ҰБТ/КТ нәтижелері бойынша 70 балдан төмен емес;

- ағымдағы емтихан сессиясының нәтижелері бойынша GPA бойынша 1,33 балдан немесе бес балдық жүйе бойынша 3,5 балдан төмен емес