қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
05.03.2022

Бос лауазымға үміткерді іріктеу туралы өтінім

 

Бос жұмыс орны жабық

 

Бос лауазымның атауы:

Заң жұмысы және сатып алуды ұйымдастыру басқармасының Заң бөлімінің маманы

Құрылымдық бөлімнің негізгі функционалдық міндеттері:

- Қоғам қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде сотта, сондай-ақ өзге де ұйымдарда белгіленген тәртіппен Қоғамның мүддесін қорғайды;

- заңнамалық актілер, келісімшарттар, іс жүргізу құжаттары, сондай-ақ Қоғам әзірлейтін құқықтық сипаттағы басқа да құжаттарды, сонымен қатар, оларды Қоғамның басқа құрылымдық бөлімдері ұсынған жағдайда, келісе отырып әзірлеуге қатысу;

- Қоғамда заңнаманы насихаттау, жалпыға бiрдей құқықтық оқуды ұйымдастыру бойынша жыл сайынғы іс-шараларды әзірлеу және өткізу;

- заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда Қоғамның құзыретіне жататын құқықтық мәселелер бойынша Қоғам атынан түсініктемелер дайындау;

- Қоғамның келісімшарттарының заңнама талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету, сонымен қатар келісімшарт бойынша міндеттемелер орындалмаған және тиісінше орындалмаған жағдайда ықпал ету шараларын қолдану.

Негізгі қызметтік міндеттері:

- әртүрлі деңгейдегі істерді және құқықтық мәселелерді қарау кезінде сотта және басқа органдарда Қоғамның құқығы мен мүдделесін қорғайды;

- басшылыққа қол қоюға ұсынылған бұйрықтардың, қаулылардың, нұсқаулықтардың, шарттар мен құқықтық сипаттағы басқа да құжаттардың жобаларын заңнама талаптарына сәйкестігін тексереді және осы құжаттарға келісім береді;

- қызметкерлерді материалдық жауапкершілікке тарту кезінде Заңда көзделген тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді;

- келіп түскен және жарияланған нормативтік құжаттардың жүйелі есебін жүргізуге қатысады; қызмет түрлері бойынша Қоғамның құқықтық актілерінің классификаторын жүргізуді қамтамасыз етеді;

- заңнамалық актілер, келісімшарттар, іс жүргізу құжаттары, сондай-ақ Қоғам әзірлейтін құқықтық сипаттағы басқа да құжаттарды, сонымен қатар, оларды Қоғамның басқа құрылымдық бөлімдері ұсынған жағдайда, келісе отырып әзірлеуге қатысу.

Іссапарларға шығу:

іскерлік қажеттілік бойынша

Білімі:

жоғары заңгерлік білім

Қажетті кәсіби тәжірибе (ұзақтығы, бағыты, т.б.)

мамандығы бойынша 1 жыл

Кәсіби құзыреттер:

кәсіби шеберлік, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын қолдану бойынша білім мен дағды

Жеке құзыреттер мен қасиеттер:

жоғары азаматтық, өз міндеттерін жауапкершілікпен орындау, кәсіби этика нормаларын сақтау

Тілдерді, оның ішінде мемлекеттік тілді білу (үміткер білуі тиіс тілдердің тізімі)

қазақ және орыс тілдерін еркін меңгеру, шет тілдерін білу құпталады

Компьютерлік дағдылар:

Электрондық құжаттаманы білу және еркін меңгеру

Қажетті қызметкерлердің саны:

3 (үш)

Түйіндемені қабылдау мерзімі

2022 жылдың 20 наурызына дейін

Байланыстағы тұлға:

hrteam@abaiuniversity.edu.kz                          

Кусаинов Есбулат Бектурсунович,

м.т. +7 778 227 36 77, ж.т. 8 (727) 2-93-85-93