қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
09.03.2022

«Ашық есік күні» акциясы дефектолог - педагог мамандығы туралы баяндайды

 

2022 жылдың 16 наурызында Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология институты Арнайы педагогика бойынша кәсіби даярлау бөлімі «Талапкер-2022» жобасы аясында «Ашық есік күні» акциясын өткізеді. Онлайн режимінде өтетін іс-шараның мақсаты «6B01901 Арнайы педагогика (Дефектология)» мамандығы туралы егжей-тегжейлі айтып беру. Акцияны ұйымдастырушылар барлық мектеп және колледж түлектерін шақырады. Болашақ талапкерлерге таңдалған мамандық туралы дефектологияның арнайы педагогикасының негіздерін игерген біздің университеттің студенттері айтып береді, олар оның әр мамандануы туралы өз пікірлерімен және еліміздің жетекші педагогикалық университетінде оқу туралы әсерлерімен бөліседі.

 

Арнайы педагогика бойынша кәсіби даярлау бөлімі, Сіздерді жоспарланған ZOOM конференциясына шақырады және оның барлық қатысушыларын асыға күтеді.

 

Өткізілетін уақыт: 16.03.2022 ж., 15: 00 PM Алматы

 

Конференцияға қосылыңыз:

https://us04web.zoom.us/j/73828083027?pwd=V-O1QWQ2-LPZ8ozPLEAshefd3JQWCu.1

 

Конференция идентификаторы: 738 2808 3027

 

Коды - DNW9nG

 

Қосымша сұрақтар бойынша: Тел: + 7714630936, +7 775 3537583