қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
11.03.2022

Құрметті әріптестер!


Абай атындағы ҚазҰПУ-дың  2025 жылға дейін  Даму стратегиясына сәйкес «Көптілді педагогикалық кадрларды даярлау» міндетін жүзеге асыру аясында Жаратылыстану және география институты мен Қапшағай қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының ұйымдастыруымен жаратылыстану пәндерінің халықаралық олимпиадасы өткізіледі.

 

Өткізілу мерзімі: 20-29 сәуір 2022 ж.

 

Өтетін орны: Қазақстан, Алматы облысы, Қапшағай қаласы, «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы.

 

Жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

 

Өткізу формасы: гибрид (Онлайн-оффлайн)

 

Олимпиаданың мақсаты - жастардың зияткерлік дамуы, кәсіби өсуіне мүмкіндік жасау және педагог мамандығын насихаттау.

 

Олимпиада төрт кезеңнен тұрады:

1) Онлайн-Тест (Прокторинг);

2) командаларды таныстыру;

3) мамандық бойынша проблемалық тақырыпқа эссе жазу;

4) кейс шешімі.

 

Олимпиада бағдарламасы:

20 сәуір

Онлайн кезең

1. Тест (Прокторинг)

 

28 сәуір

Оффлайн кезең

1. Олимпиаданың салтанатты ашылуы;

2. Командаларды таныстыру («Педагогика бізді біріктіреді» визит картасы);

3. Мамандық бойынша проблемалық тақырыпқа эссе

 

29 сәуір

1. Кейсті қорғау

2. Қорытынды шығару және олимпиаданың жабылуы

 

КОНФЕРЕНЦИЯНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ МЕКЕНЖАЙЫ:

050010, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Достық даңғылы, 13, Абай ат.ҚазҰПУ

Байланыс телефондары: +77758302253; +77015934800; +77029990537

Е-mail: egi.kaznpu.edu@mail.ru

 

Олимпиада қатысушы анкетасы