қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
16.03.2022

«Жыл құсы - 2022» халықаралық жобасы

 

Құстардың түрлерінің алуантүрлілігін зерттеу мақсатында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Жаратылыстану және география институтының Биология білім беру бағдарламасы Алматы қаласы мәдениет басқармасының КМҚК «Алматы зоологиялық паркімен» бірлесе отырып, Халықаралық құстар күніне орай «Жыл құсы» халықаралық жобасын ұйымдастыруда.

 

Жобаға қатысуға жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың (1 - 8 сыныптарының) оқушылары және жоғары педагогикалық оқу орындарының 2-3 курс студенттері шақырылады.

 

Жобаның өту мерзімі: 2022 жылдың 31 наурызынан бастап 16 сәуірге дейін

 

Жоба жоспары:

1. «Барлығы құстар туралы» сурет конкурсы, 1-8 сыныптарының оқушылары қатысады.

2. «Ұядағы құс» көрмесіне Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Жаратылыстану және география институтының 2-3 курс студенттері қатысады.

3. «Құстар жайлы сүйіспеншілікпен» интегралды конкурсы, республиканың педагогикалық жоғары оқу орындарының 2-3 курс студенттері қатысады, онлайн режимінде.

4. «Жыл құсы беттері» бойынша конкурс, педагогикалық ЖОО студенттері онлайн режимінде қатысады.

 

 



316

Кері оралу