қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
18.03.2022

Бос лауазымға үміткерлерді іріктеуге өтінім

 

Бос лауазымның атауы:

ЮНЕСКО кафедрасының маманы

Құрылымдық бөлімнің негізгі функционалдық міндеттері:

Тұрақты даму мақсаттарында және жаһандық азаматтық бойынша білім беруді насихаттауды қамтамасыз етеді;ПОҚ және қызметкерлер арасында тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) кеңінен насихаттауды қамтамасыз етеді;мекеме мен ЮНЕСКО үшін басым болып табылатын саладағы білім мен тәжірибе тарату беру бойынша академиялық әлем, азаматтық қоғам, жергілікті қоғамдастықтар арасындағы байланыстырушы  және аналитикалық орталық ретінде қызмет етеді.

Негізгі қызметтік міндеттері

1. «Abai University» КЕАҚ 2022-2025 жылдарға арналған даму стратегиясына сәйкес ЮНЕСКО кафедрасының жұмыс жоспарын әзірлеуге және оны іске асыруға көмек беру;
2. Тұрақты даму саласындағы мақсаттарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеуге және жоспардың орындалуын мониторинг жүргізуге көмектесу;
3. ТДМ шеңберінде кафедраның маман дамуына сәйкес ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың нәтижелерін енгізуге қатысу;
4. Ғылыми қорлар мен ұйымдар дың ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі конкурстарына қатысу үшін қажетті құжаттаманы дайындау;
5. Тұрақты даму үшін білім беру (ТББ), әлемдік азаматтық, гендерлік зерттеулер және ЮНЕСКО-ның күнтәртібіндегі басқада мәселелер бойынша ғылыми, ғылыми-әдістемелік және ғылыми-тәжірибелік семинарлар мен басқада осыған ұқсас іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге көмек беру;
6. ЮНЕСКО және Қазақстан Республикасының ИСЕСКО және ЮНЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының алдында кафедра қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есеп үшін қажетті ақпаратты дайындау;
7. ЮНЕСКО-ның ғылыми-зерттеу жұмыстарының конкурстарына қатысу үшін қажетті құжаттар пакетін жинау;
8. Білім беру және жобалар бойынша ЮНЕСКО мен Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясымен байланыс орнату;
9. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету.

Іссапарларға шығу:

Іскерлік қажеттілік бойынша

Білімі:

Жоғары, әлеуметтік-гуманитарлық, педагогикалық, жаратылыстану білім

Қажетті кәсіби тәжірибе (ұзақтығы, бағыты, т.б.)

Маман лауазымына жоғары кәсіптік білімі бар адам тағайындалады

Кәсіби құзыреттер:

Білім беру жүйесін, халықаралық конвенцияларды, тұрақты даму орталығын, ЮНЕСКО қызметінің қағидаттарын, мәдениетаралық құзыреттілік пен коммуникациялық дағдыларды білу

Жеке құзыреттер мен қасиеттер:

Креативтілік, бастамашылдық, сервиске бағдарлану, ықыластылық, өзін-өзі ынталандыру, тез үйрену қабілеті, командада және өзбетінше жұмыс істей білу, жақсы ұйымдастырушылық дағдылар (жоспарлау және іске асыру), жұмыс кестесінен тыс жұмыс істей білу, әріптестермен және білім алушылармен достық және тиімді жұмыс істей білу, жоғары тиімділік және қысқа мерзімде және қысыммен жұмыс істей білу, коммуникативтік дағдылармен өзараіс-қимылдың маңыздылығын түсіну, тәртіптілік, ағылшын тілінде іскерлік жазу дағдылары.

Тілдерді, оның ішінде мемлекеттік тілді білу (үміткер білуі тиіс тілдердің тізімі)

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін В1-ден төмен емес деңгейде еркін меңгеру

Компьютерлік дағдылар:

жетілдірілген компьютер пайдаланушысы

Түйіндемені қабылдау мерзімі:

2022 жылдың 4 сәуіріна дейін немесе қызметкерлерді жалдағанға дейін қабылданады

Байланыстағы тұлға:

hrteam@abaiuniversity.edu.kz 

Халитова Ильдана Ильдархановна

+77079906880



166

Кері оралу