қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
29.05.2018

Жаңартылған білім мазмұнымен мектеп есігін ашамыз

 

Мемлекеттік емтиханды тапсырып, енді диплом аламыз деп отырған сәттегі Абай атындағы ҚазҰПУ біліктілікті арттыру орталығы ұйымдастырған «Жаңартылған мазмұндағы орта білім беру бағдарламаларының ерекшеліктері» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы бізді бір қадам мектеппен жақындастыра түсті.

 

Курс барысында жалпыға міндетті білім стандарты бойынша білім алушылардан күтілетін нәтижелердің алты түрлі құндылыққа бағытталуын, білім бағдарламаларындағы оқу жүйесі мен кең ауқымды дағдыларды дамытудың әр түрлі әдістерін оқу, талдау, бір-бірімізге түсіндіру арқылы өзіміздің дағдыларымызды дамытуға мүмкіндік алдық. Мұғалімдік қызметіміз үшін ең қажетті, негізгі құжаттармен жұмысымызды бастап кеттік.

 

Құжаттарды оқу, талдау барысында түйгеніміз, 4 жылда алған білімімізді мұғалім ретінде көрсету үшін емес, оқушы өзі ізденетіндей тапсырмалар ойластырып, оның өз қажеттіліктерін қанағаттандыруына бейімдеу керек. Сондай-ақ, барлық өзгерісті алдымен өзіңнен бастап, өзіңнің әр қадамыңа есеп беруің керек екенін түсіндік. Курс барысында құрбыларымның алдында өмірлік тәжірибеммен, біліміммен бөлісіп, сұрақтар қою арқылы өзіме деген сенімділігімді арттыра алдым. Курс жетекшісінің әр түрлі тәсілдер арқылы бізді тығырыққа тірей отырып ойландыруы, іздендіруі, әрекеттің әр түрлі әдістер арқылы ұйымдастырылуы біздің бірнеше қырымыздан көрінуімізге түрткі болды. 4 жылда байқалмаған кейбір қабілеттеріміз бен қасиеттеріміз, «Өзіндік Меніміз» ашыла түсті.

 

Әр күнгі сабақ соңында алынған рефлексиялық кері байланыстарда ойымыздың тереңдеп, педагогикаға бейімделіп отырғанын байқаймыз.

 

Курс соңындағы 3 адамнан топ құрып, минисабақтарды жоспарлау, ұйымдастыру, қадағалау, бақылау, бағалау біздің мұғалімдік қыр-сырымызды өзара талдау, саралау, өзімдегі өзгерісті неден бастау керек екендігін айқындай түскендей болдық.

 

Ж. Аймауытов «...Сабақ беру үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» дегендей, жаңадан жаңаны таба білуге жетелеген ұстазымыз әрі курс жетекшісі Кульзада Саекқызына алғысымыз шексіз. Жақсы ұстазға кезігіп, тәлім - тәрбие алған шәкірт өмір майданында мойымай күресіп, мақсатқа жету жолында бағытынан таймасы анық.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ

Математика, Физика жән Информатика институты

4-курс студенттері

29.05.2018 ж.

Ақпарат көзі: bilimdinews.kz