қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
29.03.2022

«6В013 - Пәнсіз мамандандыру мұғалімдерін дайындау» бағыты бойынша республикалық пәндік олимпиада өтеді

2022 жылдың 22 сәуірінде «6В013 - Пәнсіз мамандандыру мұғалімдерін дайындау» бағыты бойынша студенттердің ХІІІ Республикалық пәндік олимпиадасы Алматы қаласы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде өткізіледі. Пәндік олимпиада болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің пәндік білімі мен дағдыларының деңгейін, сондай-ақ олардың кәсіби-педагогикалық қызметке қажетті кәсіби құзыреттілігінің қалыптасу деңгейін анықтауға бағытталған шығармашылық сайысы болып табылады. Студенттердің ХІІІ Республикалық пәндік олимпиадасы - талантты студент жастарды қолдауға ықпал ететін факторлардың бірі.

 

Ағымдағы жылдың пәндік олимпиадасы көрнекті ұстаз - Ахмет Байтұрсынұлының педагогикалық идеяларына арналады.

 

Олимпиаданың ережесін төмендегі сілтемеден жүктеп алуға болады.