қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
30.03.2022

Педагогика және психология институтында «Үздік білімгер-2022» конкурсы өтеді

 

2022 жылдың 8 сәуірінде сағат 14.00-де Педагогика және психология институтында Ғылым апталығы аясында «Оқу ісін ұйымдастыру және сүйемелдеу» бөлімінің ұйымдастыруымен білім алушылардың арасында «Үздік білімгер-2022» конкурс өткізілетінін хабарлаймыз.

 

Конкурс мақсаты - оқуда, студенттік өзін-өзі басқару ұйымында, спортта, шығармашылықта және басқа да қызмет салаларында өзін белсенді көрсеткен институт білім алушыларын анықтау және көтермелеу.

 

Мекен-жайымыз: Алматы қ., Толе би 31, 15 аудитория

 



234

Кері оралу