қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
01.04.2022

Құрметті бакалавр студенттері!

 

«Академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелде оқу үшін орын санын бөлу жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2022 жылғы 30 наурыздағы № 116 бұйрығына сәйкес ҚЕАҚ «Абай атындағы ҚазҰПУ» 2022-2023 оқу жылының күзгі семестрінде Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша бакалавриаттың 1 және 2 курс студенттеріне бюджеттен қаражат бөлінді (тек мемлекеттік білім гранты бойынша білім алатын студенттер үшін).

 

Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға ниет білдірген барлық студенттер төменде көрсетілген құжаттарды 2022 жылдың 20 сәуіріне дейін Халықаралық ынтымақтастық департаментіне тапсыруы қажет (Қазыбек би, 30/1, 3 кабинет, тел. 293-85-79 немесе acadmob@kaznpu.kz электрондық поштасына):

- IELTS сертификаты (деңгей 5,5-тен төмен емес);
- Халықаралық төлқұжаттың түрлі-түсті көшірмесі;
- Ағымдағы үлгерім туралы транскрипт.