қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
06.04.2022

Құрметті бакалавр студенттері!

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2022 жылғы 30 наурыздағы № 116 «Академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелде оқу үшін орын санын бөлу жоспарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес «Абай атындағы ҚазҰПУ» ҚЕАҚ 2022-2023 оқу жылының күзгі семестрінде Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша бакалавриаттың 1 және 2 курс студенттеріне бюджеттен қаражат бөлінді (тек мемлекеттік білім гранты бойынша білім алатын студенттер).

 

2022 жылдың 16 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ Халықаралық TOEFL ITP емтиханын өткізеді, тілдік сертификаты жоқ студенттер сол емтиханнан өте алады.

 

Емтиханның құны:

 

Емтиханның құны - 40.000 тг + сертификат (5.000 тг, өту ұпайы жинаған жағдайда).

 

Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері мен профессор-оқытушылар құрамына - 35.000 тг + сертификат (5.000 тг, өту ұпайы жинаған жағдайда).

 

Емтиханға жазылу үшін не қажет?

- Емтиханға келесі сілтеме бойынша тіркелу қажет: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSeXmwJs29VaCwhBRgj-Sn7qyEUU7vi0-I-qKJUE7hM6UlTn9Q/viewform;
- сканерленген құжаттарды bekbanova_n@mail.ru поштасына жіберуініз керек.


Тест тапсыру үшін Сізге қажет:

- жеке куәлік көшірмесі;
- төлем туралы түбіртек.

 

Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға ниет білдірген барлық студенттер төменде көрсетілген құжаттарды 2022 жылдың 20 сәуіріне дейін Халықаралық ынтымақтастық департаментіне тапсыруы қажет (Қазыбек би 30/1, 3 кабинет, тел. 293-85-79 немесе acadmob@kaznpu.kz электрондық поштасына):

- IELTS сертификаты (мин. 5,5 балл)/ TOEFL (мин. 460 балл);
- Халықаралық төлқұжаттың түсті көшірмесі;
- Ағымдағы үлгерім туралы транскрипт.