қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
12.04.2022

«Латынәліпбилі қазақ жазуының реформасы: бүгіні, келешегі»

дөңгелек үстел өтеді

 

2022 жылдың 14 сәуір күні сағат 11.00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Ғылым департаменті «ABAI LABS» ғылыми-инновациялық паркі жанындағы «Латын» ғылыми-практикалық зертханасы және Каспий университеті Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі «Латынәліпбилі қазақ жазуының реформасы: бүгіні, келешегі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді.

 

Дөңгелек үстелде ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, п.ғ.д., профессор Оразбаева Ф.Ш., «Ұлттық жазу реформасы: ұстанымдары», С.Қирабаев атындағы Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының профессорлары Қалыбаева Қ.С. «Латынәліпбилі қазақ жазуының өзекті мәселелері» және Рахметова Р.С. «Латынәліпбилі ұлттық жазуды меңгерту әдістері» тақырыбында баяндама жасайды. Дөңгелек үстелді ұлттық комиссия жанынан құрылған Орфографиялық топтың мүшесі, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының жетекші ғылыми қызметкері Рсалиева Н.М. «Лингвистикалық протекционизм - ұлттық бірегейлікті сақтау механизмі» тақырыбында баяндамасымен жалғастырады.

 

Шара барысын академиялық даму жөніндегі проректор Киричок О.В., Гуманитарлық ғылымдар Жоғары мектебінің деканы Таиров А.Т. және Гуманитарлық ғылымдар Жоғары мектебі деканының ғылым жөніндегі орынбасары Ноғайбаева Ж.А. жалғастырады.

 

Семинарға оқытушылар, Білім жетілдіру институттарының өкілдері, студенттер, магистранттар мен докторанттар қатысады.

 

Өтетін орны: Алматы қ., Сейфуллин даңғ., 521. № 011 дәрісхана


ZOOM идентификаторы:

https://us02wed.zoom.us/j/5379765947

 

 



106

Кері оралу