қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
18.04.2022

Құрметті бітіруші курс білім алушылары!

 

ҰБТ тапсыру басталды. Ұлттық тестілеу орталығының сайтында алдын ала тіркелу қажет. Ustudy сайты арқылы тіркелу - Ustudy-нің кез келген филиалында тапсыруға болады.


ҰБТ өткізу мерзімі: ағымдағы жылдың 16 сәуірі - 6 мамыры аралығында.

 

1. Техникалық және кәсіптік, жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары және/ немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын педагогикалық мамандықтар бойынша бітірген тәжірибесі жоқ кандидаттар Біліктілік тестілеуінен сәтті өткеннен кейін жұмысқа қабылданады. Аталған тәжірибесі жоқ кандидаттар үшін «педагог» біліктілік санатын білім беру ұйымының аттестаттау комиссиясы Біліктілік тестілеуі нәтижесі негізінде береді. Техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жұмыс тәжірибесі жоқ, тестілеуде 50%-дан (55 балл, оқыту пәнінің мазмұны - 40 балл, педагогика, оқыту әдістемеден - 15 балл, Мектепке дейінгі блім беру мен тәрбиелеу мамандығынан басқа) кем емес балл жинаған кандидаттарға «педагог» біліктілік санаты беріледі.

2. Егер студент теріс нәтиже алса, ол ақылы негізде тағы бір ҰБТ тапсыруға құқылы. Ustudy реквизиттері бойынша төлеу. Қайта тапсыру жоғары оқу орындарына белгіленген мерзімде, яғни 6 мамырға дейін.

3. Егер студент ҰБТ тапсыруға тіркеле алмаса, тестілеуге өтінім апта сайын онлайн түрде беріледі, ҰБТ -ға тіркеу әр сәрсенбі сайын ашылады.
4. Тіркелу мобильді құрылғылар немесе компьютер арқылы жүзеге асырылады.
5. ҰБТ нәтижесімен келіспесеңіз, аудиториядан шықпай-ақ, тест тапсырмасының дұрыс құрастырылмау себебі көрсетілген негіздемесі негізінде онлайн түрде апелляцияға өтініш бере аласыз.


Тестілеулерге қатысу үшін өтініш беруге арналған  қосымшаға кіру және тіркелу нұсқаулығы 

 

ҰБТ-ға байланысты сұрақтар туындаған жағдайда төмендегі нөмірлерге хабарласуларыңызға болады:

Математика физика және информатика институты - Шерипидин Итахунович:+7 777 77 17 778;

География және жаратылыстану институты - Ляззат Нұрмаханқызы: +7 701 851 04 29;

Өнер, мәдениет және спорт институты - Рахат Рахметұллаұлы: +7 775 399 29 74;

Филология және көптілді білім беру институты - Ляззат Табигатовна: +7 778 522 53 13;

Тарих және құқық институты - Дария Болатовна: +7 778 22 22 084;

Педагогика және психология институты - Ақтоты Төлемұратқызы: +7 701 378 66 12.

 



157

Кері оралу