қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
18.04.2022

Студенттер Көшпенділер әлеміне саяхаттайды!

 

«Рухани жаңғыру-болашаққа бағдар» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2022 жылдың 23 сәуірінде сағ.09.30-17.00 аралығында университеттің білім алушыларына арнайы Алматы облысында орналасқан «Көшпенділер шахары» тарихи-мәдени кешеніне танымдық-ағартушылық этножобасы ұйымдастырылады.

 

Студенттік саяхат барысында, жатақханада тұратын шалғайдан келген белсенді студенттердің уақытын тиімді қолдану үшін, отаншылдық рухта мемлекетшілдік сезімді тарихи-рухани орталарға апарып, ашық аспан астында қызықты қоғамдық дәрістер ұйымдастырылады.

 

Әлеуметтік желіде аталған студенттік саяхаттың ерекше қызықты өтуі туралы арнайы фото және қысқа уақыттық бейнебаянды түсіру байқауы жарияланады, үздік бес естелік жұмысқа арнайы бағалы сыйлықтар тағайындалады.

 

Университет басшылығы студенттерге арнайы автобустармен қолдауда. Орындар өте шектеулі! Кешенге кіру ақысы 1000 теңге.

 

Тіркелу үшін 8701 497 9615 телефоны бойынша хабарласуға болады!

 

 

 

«Рухани жаңғыру» Жобалық кеңсесі