қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
19.04.2022

Абай университеті профессор-зерттеуші лауазымына және постдокторлық бағдарлама стипендиатын қабылдау бойынша конкурс жариялайды

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (бұдан әрі - Абай университеті) профессор-зерттеуші лауазымына және постдокторлық бағдарлама стипендиатын қабылдау бойынша конкурс өткізу туралы хабарлайды.

 

Конкурсқа қатысу үшін өтінім мыналарды қамтиды: конкурсқа қатысу туралы өтініш, түйіндеме, профессор-зерттеушінің ғылыми-зерттеу жобасы / постдокторанттың жеке ғылыми-зерттеу бағдарламасының жобасы, үміткерлерге қойылатын жоғарыда көрсетілген талаптарды растайтын құжаттамасы бар портфолио (дәйексөз базасынан алынған скрин-шот, шетелдік басылымдардағы жарияланымдардың көшірмелері және т.б.), ғылыми дәреже, PhD дәрежесін алуды, ғылыми атақ беруді растайтын құжаттар, ғылыми еңбектер мен өнертабыстар тізімі, үміткердің біліктілігін растайтын қосымша құжаттар, ұсыным хаттар, алдыңғы жұмыс орындарынан мінездемелерді .

 

Конкурстық өтінімдер 2022 жылдың 1 мамыр дейін Абай университетінің Ғылым департаментіне беріледі, Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі, 30, каб. № 209, 203-а. Жауапты тұлға - Ғылым департаментінің директоры Ұ.М. Әбдіғапбарова.

 

Профессор-зерттеуші қызметі туралы ереже


Постдокторантура туралы ереже