қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
21.04.2022

«Атамекен» пікірсайыс клубының 20 жылдығына жарыс өтеді

 

2022 жылдың 07-08 мамырында «Рухани жаңғыру - болашаққа бағдар» мемлекеттік бағдарламасының университеттік жылдық жоспары аясында, 2022 жылдың университеттің Даму стратегиясы бойынша 1-4 курс білім алушы студенттер мен магистранттарға арналған 2002 жылы құрылған «Атамекен» интеллектуалды пікірсайыс клубының 20 жылдық мерейлі датасын атап өту үшін - «Рухани жаңғыру: әлемдік мәдениет пен білімге қадам» пікірсайыс турнирі өтеді.

 

Турнир Ережесіне сәйкес, интеллектуалды пікірсайыс алдын ала дайындалған арнайы тақырыптарда, студенттік Американдық-парламенттік формат пен Линкольн-Дуглас форматтарында институттар мен түлектер құрама командалары, және басқа да жоғарғы оқу орындарының төрешілерінің қатысуымен жүреді.

 

Турнирдің сыйлық қоры «Атамекен» интеллектуалды пікірсайыс клубы түлектерінің демеушіліктерінің есебінен жүзеге асырылады.

 

Салтанатты марапаттау рәсімінде, барлық жүлдегерлерге университет басшылығының Дипломы және арнайы кубоктары табысталды. Пікірсайыс нәтижелері туралы міндетті түрде хабарланады.

 

Ереже

 


 

 

 

«Рухани жаңғыру» Жобалық кеңсесі

 



129

Кері оралу