қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
22.06.2018

Қос дипломды білім алу - қызметінде!

 

2018 жылдың 20 маусым күні Слупск қаласындағы Помор Академиясында (Польша) қос дипломды білім беру бағдарламасы бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ-дың («5В011800 - Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша) студенті Назли Кадырованың «Ю. Мамлеевтің «Шатуны» романы метафизикалық реализм көрінісі ретінде» тақырыбында дипломдық жұмысы қорғалды.

 

Назли Кадырованың дипломдық жұмысы жоғары («өте жақсы») бағамен бағаланып, Помор академиясының Тарихи-филология факультетінің комиссиясымен магистратураға түсуге ұсынылды.

 

2018 жылдың 21 маусымда студент үздік шетел дипломымен және бағалары көрсетілген қосымшамен марапатталды.

 

 

 

Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы