қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
12.05.2022

«Жас автор» әдеби-шығармашылық конкурсы жарияланды

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті «Рухани жаңғыру - болашаққа бағдар» мемлекеттік бағдарламасының университеттік жылдық жоспары аясында, 2022 жылғы 13 мамыр-15 маусым аралығында 1-4 курс білім алушы студенттер мен магистранттарға арналған - «Жас автор» әдеби-шығармашылық конкурсын өткізеді.

 

Конкурстың мақсаты - жастардың интеллектуалдық әлеуетін арттыру, әдеби шығармашылығын күшейту, дүниетанымы мен рухани білімін байыту, кітап оқуға әуестендіру арқылы балалар әдебиеті қозғалысының дамуына үлес қосу.

 

Балаларға арналған әңгіме, ертегі мен новелла шығармаларын маусым айының 13-не дейін Ережеге сай, электронды түрде - erma94kz@gmail.com эл.поштасына жолдап, қосымша ақпаратпен +77014979615 номеріне хабарлайды.

 

Барлық жиналған жұмыстар Филология институты және «Хәкім Абай» Ғылыми зерттеу орталығы мамандарымен тексеріліп, жүлделі орындары анықталады.

 

15 маусымда конкурс жеңімпаздарына салтанатты түрде онлайн және оффлайн форматында жүлделер табысталады. Ең үздік әдеби шығармалар арнайы жинақ кітабына топталады.

 

Отандық балалар әдебиетін бірге қолдайық!


Ереже

 


 


«Рухани жаңғыру» Жобалық кеңсесі

 



84

Кері оралу