қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
28.07.2018

Абай атындағы ҚазҰПУ және Литва университеттері: ынтымақтастық болашағы

 

2018 жылдың 25 шілдесінде Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Такир Балықбаев Литваның Эдукология университетіне ресми сапармен барып, университеттің ғылым және даму жөніндегі проректоры, доцент Роберт Юргайтиспен және халықаралық қатынастар бойынша үйлестіруші София Пиворюненемен кездесті. Кездесуге Литваның  Ұлы Витаутас университетінің халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, профессор Инета Дабашинскене қатысты.

 

Кездесу барысында Литваның Эдукология және Ұлы Витаутас университеттерімен гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытудың, сондай-ақ ғалымдардың бірлескен ғылыми жобаларға қатысуы және қос дипломдық магистратура бағдарламасын дамыту болашағы талқыланды.

 

Кездесу қорытындысы бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ мен Ұлы Витаутас университеті арасында білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

 

   

 

   

 

Халықаралық ынтымақтастық басқармасы