қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
17.06.2022

2021-2022 оқу жылында әскери кафедраға қабылданған студенттер толық оқуды аяқтайды


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті 2021-2022 оқу жылында әскери кафедраға қабылданған студенттер оқуын жалғастырып, оқуын аяқтайтынын хабарлайды.Әскери кафедрада 2023 жылы студенттер оқу-жаттығу жиындарынан (кәсіптік практикадан) өтеді және әскери кафедраның түлектеріне «запастағы лейтенант» әскери атақтары берілгенге дейін олардың жеке істері жергілікті әскери басқару органдарына тіркеуге жіберіледі.Әскери кафедрада білім алып жатқан студенттерге қатысты университет өз міндетін толығымен орындайды.


Жаңа оқу жылында ҚР Қорғаныс министрлігімен келісім бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ-дың әскери кафедрасына оқуға қабылдау жүргізілмейді. Жаңа оқу жылынан бастап студенттерді әскери кафедраға оқуға қабылдау Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің әскери кафедрасында жүргізіледі.

 



215

Кері оралу