![]()
22.06.2022
Шығармашылық емтихандарға тапсыру алгоритмі І. Ағымдағы жылғы 20 маусым мен 7 шілде аралығында шығармашылық емтихандарға қатысу үшін университет жанынан өтініш қабылдау жүзеге асырылады. Өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі: 1. Жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім туралы құжат (түпнұсқа); 2. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 3. 3x4 сантиметр көлеміндегі және JPG электрондық форматындағы алты фотосурет. 4. №ҚР ДСМ - 175/2020 бұйрығымен бекітілген электрондық нұсқадағы 075/у нысаны бойынша Медициналық анықтама, флюорография суреті; 5. ҰБТ сертификаты;
ІІ. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Өнер, мәдениет және спорт институтына түсу мақсатында шығармашылық емтихан тапсыру үшін Ұлттық бірыңғай тестілеуден (бұдан әрі - ҰБТ) Қазақстан тарихы және оқу сауаттылығы екі пәннен 5 баллдан жоғары балл жинаған тұлғалар шығармашылық емтиханға және мемлекеттік білім гранты конкурсына қатыса алады.
Ескерту: Шығармашылық бағаттағы білім бағдарламаларына ақылы негізде түсу үшін ҰБТ - дан (Қазақстан тарихы және Оқу сауаттылығы) екі пәннен жинаған балдары 1-кестестеде білім бағдарламаларының топтары бойынша көрсетілген шекті балдан кем болмауы керек.
1 - кесте
Шығармашылық бағаттағы білім бағдарламаларына ақылы негізде түсушілер үшін ҰБТ шекті балы
ІІІ. Шығармашылық емтихандар күнтізбелік жылдың 8-13 шілдесі аралығында ДПО базасында өтеді. Үміткерлер даярлық бейініне сәйкес 2 шығармашылық емтихан тапсырады.
IV. Әрбір шығармашылық емтихан барынша 45 баллмен бағаланады және ҰБТ балдарымен жиынтықталады. «Педагогикалық ғылымдар» бағыты бойынша грант конкурсына қатысу үшін жалпы өту балы - 75, «өнер» бағыты бойынша - 65; Abai University «педагогикалық ғылымдар» бағыты бойынша ақылы негізге түсу үшін - 80, «өнер» бағыты бойынша-ықтимал 125 баллдың 75-і.
![]() Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|