қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
13.10.2015

АҚШ ЗЕРТХАНАЛАРЫНДА ЖАЗҒЫ іс-тәжірибеден ӨТУ ГРАНТЫН ЖЕҢІП АЛ

 

Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры ҚР азаматы болып табылатын және қазақстандық ЖОО-ның жаратылыстану, ғылыми және техникалық мамандықтарында оқитын 2 және 3-курс студенттеріне АҚШ зертханаларында ғылыми іс-тәжірибеден өту грантына конкурс жариялайды.



Егерде сен:
Қазақстандық ЖОО-ның 2, 3-курс студенті болсаң;
Сенің мамандығың- жаратылыстану ғылымдары және техникалық болса немесе Nutrition/Food Studies and Public Health бағытына қатысы бар болса;
Сен шетелдік үздік ЖОО-ның Ph.D. бағдарламасына түсуді армандасаң;
Сенің ғылыми жобаларың мен осы салада ерекше жетістіктерің болса;
Сен ғылыммен айналысуды қаласаң және оны дәлелдей алсаң;
Сенің Қазақстанда ғылымды дамытуға және жұмыс істеуге ынтаң болса,

Сенде келесідей мүмкіндіктер бар:
АҚШ-та жұмыс жасайтын қазақстандық ғалымдардан сараптамалық қолдау алуға;
Түсуге қажетті дайындықтан және тренингтен өтуге;
Таңдаған машықтану бағдарламаларының біріне түсуге;
Грантқа ие болып, 2016 жылдың жазында АҚШ-қа машықтануға баруға.

Бұл үшін қажетті іс-әрекет:

20.11.2015 ж. мерзіміне дейін:

Бағдарламаға қатысу өтінімін толтыру;
Бізге келесі құжаттарды жібер:
- Жеке құжат көшірмесі;
- Сынақ кітапшасының көшірмесі (барлық сессияларды қоса);
- Орта білім туралы аттестатың және оның қосымшасының көшірмесі;
- Диплом, сертификаттар және ғылыми конкурстық жұмыстардың көшірмесі;
- «Маған Ph.D. дәрежесі ...үшін керек» тақырыбында эссе;
- ЖОО проректоры немесе ректорының кепілдемесі.

Өтінімді құжаттармен бірге Қор кеңсесіне жіберу керек:
050040, Алматы қ., Әл-Фараби даңғ. 36, «AFD» БО, 4-қабат
+ 7 727 349 40 04, + 7 727 349 40 05
info@yessenovfoundation.org, yessenovfoundation.org

Төмендегі байланыс телефондарына хабарласып өтінімнің қабылданғанына көз жеткіз:
Тел.: + 7 727 349 40 04, + 7 727 349 40 05