қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
16.01.2023

Бос лауазымға үміткерлерді іріктеуге өтінім

 

Бос лауазымның атауы:

Мемлекеттік сатып алу бөліміне маман

Құрылымдық бөлімшенің негізгі функционалдық міндеттері:

Өзіне жүктелген функцияларды орындау үшін бөлім маманы:

- еңбек шартында, қоғамның ішкі актілерінде және осы лауазымдық нұсқаулықта жүктелген міндеттерді сапалы және уақтылы орындау;

- атқаратын лауазымы бойынша құзыреті шегінде Бөлім бастығының тапсырмаларын орындайды;

- міндеттерді нәтижелі орындау үшін еңбек өнімділігін, өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру;

- тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша бұйрықтардың, хаттамалардың, шарттардың және өзге де құжаттардың жобаларын дайындау және келісу;

- Мемлекеттік сатып алу веб-порталында өткізілетін Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада көзделген хабарландыруды, хаттамаларды, есептерді, өзге де мәліметтерді орналастыру;

- электрондық конкурстық құжаттаманы, хаттамаларды, шешімдерді әзірлеу, дайындау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ Электрондық конкурстық құжаттаманы әзірлеу және Мемлекеттік сатып алудың қорытындыларын шығару үшін сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) техникалық ерекшеліктері мен сипаттамаларын қоғам мамандарымен келісу;

- конкурсқа қатысуға рұқсат беру хаттамасын жасауға, шартты бағаға пайыздық әсерді есептеуге және конкурс қорытындылары туралы хаттаманы ресімдеуге қатысу;

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға байланысты құжаттарға құқықтық сараптаманы жүзеге асыру;

- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде өз құзыреті шегінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде конкурстық құжаттаманың ережелерін (техникалық ерекшеліктен басқа) түсіндіру туралы әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуларына жауаптардың жобаларын дайындау;

- конкурстық құжаттама (техникалық ерекшеліктен басқа) бойынша хабарландырулар, түсіндірмелер және Мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастыру үшін қажетті өзге де ақпарат дайындау;

- заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп танылған өнім берушілерді Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу үшін уәкілетті органға ақпарат жіберу;

- Мемлекеттік сатып алу веб-порталында өткізілетін Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада көзделген хабарландыруды, хаттамаларды, есептерді, өзге де мәліметтерді орналастыру;

- конкурстық өтінімдерді қамтамасыз етудің енгізілуін және қайтарылуын және Мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

- Қоғамның құрылымдық бөлімшелеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша консультативтік көмек көрсету;

Негізгі лауазымдық міндеттері:

- Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша міндеттемелердің орындалуына бақылауды жүзеге асырады;

- тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді)мемлекеттік сатып алу туралы бағалардың тәуелсіз мониторингін қамтамасыз ету;

- Бөлім бастығының тапсырмасы бойынша қоғамның маңызды құжаттарын әзірлеуге және сот талқылауларына қатысу;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді өзіне қабылдау;

- жұмыс берушінің және қызметкерлердің мүлкіне ұқыпты қарау;

- келтірілген залалды Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген шектерде жұмыс берушіге өтеу;

- адамдардың өмірі мен денсаулығына, жұмыс беруші мен жұмыскерлер мүлкінің сақталуына қатер төндіретін ахуал туындағаны, сондай-ақ бос тұрып қалу туындағаны туралы жұмыс берушіге хабарлауға;

жұмыс беруші беретін жеке және ұжымдық қорғану құралдарын мүлтіксіз қолдану және мақсаты бойынша пайдалану;

- Еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеу;

- еңбек тәртібін, сондай-ақ жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария жөніндегі нормалардың, қағидалардың және нұсқаулықтардың талаптарын сақтауға міндетті;

- атқаратын лауазымы бойынша өкілеттіктер мен құзыреттер шеңберінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.

Іссапарларға шығу:

Міндетті емес

Білімі:

жоғары білім экономикалық немесе заңгерлік жоғары білім

Талап етілетін кәсіби тәжірибе (ұзақтығы, саласы, басқалары)

экономикалық немесе заңгерлік

Кәсіби құзыреттер:

экономикалық немесе заңгерлік

Жеке құзыреттер мен қасиеттер:

Коммуникабельділік, жауапкершілік, ұқыптылық, орындаушылық, еңбексүйгіштік, ұжымда жұмыс істеу қабілеті...

Тілдерді білуі, мемлекеттік тілді қоса алғанда (меңгеруі тиіс тілдердің тізімі)

Қазақша орысша

Компьютерлік дағдылар:

* MS Windows, MS Office/XP 2000, 2003,2007/ (MS Word, MS Excel, MS Outlook), Internet, PageMaker,

* офистік техникамен жұмыс істеу дағдылары, ерекше бағдарламаларды меңгеру қабілеті

Мемлекеттік сатып алу веб-порталы

Түйіндемені тапсыру мерзімі:

2023 жылғы 31 қаңтарына дейін

Байланысушы тұлға:

hrteam@abaiuniversity.edu.kz.

Турдыбаева Жанна

ж.т.(8727) 2-91-34-35, ұ.т. +77772341032