қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
04.10.2022

Бастауыш сынып оқушыларына арналған өлкетану математикалық есептері бойынша студенттердің III Халықаралық конкурсы өтеді

 

Конкурс 2022 жылдың 10-казанда жарияланады. Конкурсқа ұсынылатын жұмыстар 2022 жылдың 1-қарашасына дейін қабылданады.

 

Конкурс қашықтан өткізіледі:

Конкурс комиссиясының жұмыстарды іріктеуі 2022 жылдың 1-қарашасынынан 2022 жылдың 10 қарашасына дейін жалғасып, нәтижесін 2022 жылдың 12 қарашасында хабарланады.

 

Конкурс екі топта жүргізіледі:

1-топ - 1-2 курс студенттері (кіші топ, математика әдістемесін оқымағандар);

2-топ - 3-4 (5) курс студенттері немесе педколледжден кейінгі қысқартылған бөлімде оқитын студенттер (үлкен топ, әдістемені оқып жатқан немесе әдістемеден білім алғандар).

 

Қатысу тілі: қазақ, орыс, ағылшын.

 

Конкурс номинациялары:

1. «Туған өлкенің сәулет өнері (архитектурасы)»;
2. «Менің қаламның (ауданымның, ауылымның) мәдени өмірі»;
3. «Менің қаламның (ауданымның, ауылымның) спорттық жетістіктері»;
4. «Менің өлкемнің тарихы»;
5. «Ұлы Отан соғысы кезіндегі менің халқымның ерлігі»;
6. «Менің өлкемнің географиясы»;
7. «Менің кіші Отанымның атақты тұлғалары».


Ақпараттық хат

 

Жұмыстар сілтеме бойынша тіркеу нысанына ілінеді.

 

 

 



126

Кері оралу