қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
02.10.2018

Футболдан студент жастардың республикалық турнирі өтті

 


 

Таяуда Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде академик Тоқмұхамед Садықовтың 80 жылдығына арналған футболдан студент жастар арасындағы республикалық турнир өтті.

 

Республикалық турнирге ҚР Білім және ғылым министрлігі, Алматы қаласы әкімдігі, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан футбол федерациясы, Қазақстанның ұлттық студенттік спорт одағыны белсене қатысқанын айта кетуіміз керек.

 

Спорттық шараның негізгі мақсаты - студенттік футболды танымал ету, жастарды патриотизмге тәрбиелеу, білім беру мекемелерінде спорттық және бұқаралық жұмыстарды ұйымдастыру, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.

 

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дің, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ, ҚазҰАУ, Д. Серікбаев атындағы ШҚМУ, І.Жансүгіров атындағы ЖМУ, Қазақ спорт және туризм академиясы, «НАРХОЗ» университеті, «Тұран» университетінен құралған командалар өзара күш сынасты.

 

Спорттық шараның ашылу салтанатында ректор Такир Балықбаев турнирдің қатысушыларын құттықтады.

 

- Бүгінгі футбол турнирінің академик Т.С.Садықовтың 80 жылдығына арналуы біздің ол кісіге деген зор құрметіміздің белгісі. Турнир жастардың арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға, оларды патриотизм рухында тәрбиелеуге және студенттік футболды насихаттауға бағытталған. Турнирға еліміздің 10 университеті қатысады. Ұйымдастыруға атсалысқан атақты спортшылар мен мамандар, қазақстандық футболдың ардагерлері мен шеберлері командалық ойындардың әділ төрелігіне көрсетеді! - деді.

 

Қорытынды турнир 30 қыркүйекте «Спартак» стадионында өтті. Қорытынды жарыстардың нәтижесі бойынша1 орынды «ҚазСТА», 2 орынды «ҚазҰУ», 3 орынды «ҚазҰПУ» командалары иеленді.

 

30 қыркүйекте жарыс соңында студент-жастар арасындағы республикалық футбол турнирінің жеңімпаздарынж әне қатысушыларынмарапаттау рәсімі өтті.

 

Александр Кулаков бастаған төрешілер алқасы жеңімпаздардың қатарынан «Турнирдің үздік ойыншысы» Айдын Мәліков (ҚазҰПУ), «Үздік шабулдаушы» Еламан Ниязбеков («ҚазСТА»), «Үздік қақпашы» Дархан Арғынчеев (ҚазҰУ) болды.

 

Барлық қатысушыларға Абай атындағы ҚазҰПУ-дың арнайы сыйлықтары табыс етілді.

 

 

Авторы: Римма Жанбаева

02.10.2018 ж.

Ақпарат көзі: dalanews.kz