қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
06.10.2022

«Балалар мен кітаптар» халықаралық дөңгелек үстел өтеді

 

Абай атындағы ҚазҰПУ орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы, Алматыдағы Ресей ынтымақтастығы өкілдігі, «Вита» әлеуметтік және мәдени-ағарту жобаларын қолдау орталығы 2022 жылғы 11 қазанда сағат 16.15-те Қазақстандағы балалар жылына арналған «Балалар мен кітаптар» халықаралық дөңгелек үстел өткізеді.

 

Дөңгелек үстелге Абай атындағы ҚазҰПУ орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Сәуле Әбішева, РФ Бас консулдығының консулы, Алматыдағы орыс үйінің басшысы Татьяна Барышникова, Пенза мемлекеттік университетінің (Ресей) әдебиет және әдебиетті оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі Анна Тимакова, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті, «ALTAIR» балалар кітабы академиясының жетекшісі Джемма Аманжолова, Абай атындағы ҚазҰПУ орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Мехриниса Хавайдарова, «Алматыкітап баспасы» баспасының бас редакторы Марина Асылбекова қатысады.


Zoom конференциясына қосылыңыз:

https://us06web.zoom.us/j/87389283078?pwd=QWsvUTltd3o4S2lUY2tjTE04b3BCdz09

 

Конференция идентификаторы: 873 8928 3078


Кіру коды: 483307