қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
04.10.2018

Алматыда елімізде алғашқы педагогикалық STEM-парк ашылды

 

STEM білім беру ғылым, технология, инженерия және математика ілімін біріктіреді. Парктің ашылуына Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті ұйытқы болып отыр.

 

Болашақ ұстаздардың сапалы білім алуы үшін STEM-паркте робототехника зертханасы жұмыс істейтін болады. Сонымен қатар, мехатроника мен өлшегіш жүйелер зертханасы да бар. Ал, цифрлық ресурстар орталығы студенттердің білімге қолжетімділігін арттыруға септігін тигізбек. Сондай-ақ педагогикалық STEM-парк мамандары мектептер мен жоғары оқу орындарына арналған оқу бағдарламаларын дайындауға көмектесетін болады.

 

Бекболат Медетов, педагогикалық STEM-парк директоры:


- Біз тек қана студенттермен шектелмейміз. Сонымен қатар, қазіргі мектептерде қызмет атқарып жатқан информатика пәнінен сабақ беретін мұғалімдерді қайта дайындау осы робототехника бағыты бойынша. Сондай-ақ курстарды ұйымдастыратын боламыз. Сонымен қатар өзімізде әртүрлі жаңа білім беру технологияларын әзірлейтін боламыз.


Вадим Гриншкун, профессор /Ресей/:


- Цифрлық технологиялар дамыған сайын мұғалімге қойылатын талап та күшейіп отыр. Оқушыға заман талабына сай білім беру үшін ұстаз да жаңа технологияларды жақсы меңгеруі тиіс.


 

04.10.2018 ж.

Ақпарат көзі: 24.kz