қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
14.10.2022

«Ұлттық құндылықтар - ұлт қазынасы» жастар форумы өтеді 

 

2022 жылдың 22 қазанында «Мобильді білім беру ортасын құру арқылы болашақ бастауыш білім педагогтерін  ұлттық құндылыққа баулу» жобасы аясында «Ұлттық құндылықтар - ұлт қазынасы» тақырыбында жастар форумы болады. Форумға бастауыш білім беру мамандығының студенттері қатысады. Форумда ұлттық құндылықтар жайлы жастардың көзқарастары мен пікірлері тыңдалып, өзекті мәселелер талқылынады.

 

Дебат (пікірталас) тақырыптары:

1. «Бесіктегі баланың бек боларын кім білер?»

2. «Ұл ұятымен, қыз қылығымен ардақты»

3. «Отбасының сәні - сыйластық»

Форумда:

«Qazaqstan & Men» тақырыбы бойынша бейнероликтен байқау ұйымдастырылады.

 Бейнероликке қойылатын талаптар:

1. Тақырып мазмұнын ашатындай сапалы түсірілуі;

2.Түсірілген видео 2-минуттан аспауы;

3) Креативті болуы қажет.

Бейнематериалдар 2022 жылдың 20 қазанына дейін r.bazarbekova@abaiuniversity.edu.kz почтасы арқылы қабылданады. Байқау қорытындысы мен марапаттау рәсімі 22 қазанда 15 аудиторияда өтеді.

Kahoot: «Intellectual contest Polyglot»

Спектакль: Д.Исабеков «Әпке» (2 курс студенттері)

 

ҚАТЫСУШЫЛАР НАЗАРЫНА!!!

I, II, III дәрежелі дипломдар мен сыйлықтар беріледі.

 

Мекенжайы: Төле би 31, №3 корпус.

Байланыс нөмірі: 8 (702) 4021130, 8 (777) 6565557